ЖАҢА ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАЛҒАН УАҚЫТ...

                   

Версия сайта для слабовидящихВерсия сайта для слабовидящих
+7-(702)-427-11-22
osshgagarin3@mail.ru

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

«Рухани Жаңғыру» - барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет. 

«Туған жер» - барлық уақытта ұлттық бірегейліктің іргетасы ретінде сонда мекендеген барлық этнос мәдениеті мен дәстүрлерін өзіне қалыптастырады. Мұндай киелі сезім, іс жүзінде барша тіршілік қарекетіндегі жаңа жетістіктерге жетелеген отанға деген махаббат іспеттес. «Туған жер» - азаматтарды туған өңірін көркейтуге тарту, сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне бағытталған «шағын Отанның» дамуына үлес қосу бағытындағы арнайы жоба болып саналады. 

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»  – тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып, адам мен оның өміріне бағытталған. Кейбір тұлғаларды мәңгі есте сақтауда ұлтты мәдени байыту мен мінәжат етуге арналған орындар түріндегі ұлы ата-баба ерліктерін осындай бағдарға жатқызуға болады. Осындай орындарды білуіміз көптеген нәрсені үйретіп, олардан қажетті өмірлік қуат алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Киелі мекен жағырапиясының құрылуы - адамның рухани баю мәселесін алға тартып қана қоймай, сонымен қатар  мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетеді. Бұл бөлім аймақтық және республикалық  киелі мекендерді, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Заманауи Қазақстан мәдениеті. Қоғам дамуының басты көрсеткіші - әрдайым оның мәдени жетістері болып қала бермек. Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауи жетістігімен барша халықтың танысу мүмкіндігі туады.

Сонымен қатар, кез-келген бәсекеге қабілетті қызмет түрі сияқты мәдениет те жіті ойланып барып өмірге бейімделгіш болуы қажет. Бұл бөлім суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармаларды қамтиды.  Бөлімнің мультимедиалық бөлігінде фото, видео материалдар,  отандық әртістердің орындауындағы бейнебаяндарды көруге болады, сонымен қатар, отандық әртістердің қатысуымен Қазақстанда және шетелде өтетін мәдени іс-шаралары туралы ақпараттар да осы бөлімде жинақталған.

Жаһандық дәуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болып табылады.

Әлеуметтік-гуманитарлық салада 100 жетекші оқулық аудармасы – прагматизм мен бәсекеге қабілетті рухани жетілдіруде жаңа Қазақстан ұрпағын қалыптастыруда нақты қадам болып табылады. Бұл бөлім өз кезегінде тәржімаланған кітаптар мен авторларға, оқулықтарға сілтеме, сонымен қатар рецензиялар туралы ақпарат береді.

100 жаңа тұлға. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасын» анықтауды ұсынған болатын. Бұл жобада еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға барынша күш салып, үлес қосқан адамдардың тарихы жинақталады. Бұл тарихта түрлі аймақтардағы жастардың, ұлттардың, жеке және қоғамдық өмірдегі әрі жұмыстағы азаматтардың жетістіктері баяндалады. 

Латын әліпбиіне көшу. Бұл бөлім халықты қазақ әліпбиінің латыншаға ауысуынан хабардар етуге бағытталған. Сонымен қатар, бөлімде жаңа әліпбиді үйрену жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік материалдар да беріліп отырады.


Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
Объявление от Asia.kz:
Array

Салон красоты тараз

 
БІЗДІҢ ДИРЕКТОР ТУРАЛЫ


Набатова Бахыт Шамильқызы


Набатова Бахыт Шамильқызы  

1963 жылы 8 тамызда Ақтөбе қаласында дүниеге кеген


1980 жылы Киров атындағы мемлекеттік университетін аяқтаған соң, еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданына қарасты Абдалиев атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады. 
1996 жылдан бастап №3 Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде география пәнінің мұғалімі, кейін оқу ісінің орынбасары қызметін атқарып, 2001 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап аталмыш мектептің директоры қызметін атқаруда.

ПнВтСрЧтПтСбВс

Flag Counter

Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz

          

                   

Пожаловаться на сайт