ЖАҢА ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАЛҒАН УАҚЫТ...

                   

Версия сайта для слабовидящихВерсия сайта для слабовидящих
Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!
+7-(702)-427-11-22
osshgagarin3@mail.ru

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ


Жетісай - Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының орталығы, қала.  Шымкент қаласынан онтүстік-батысқа қарай 232 км жерде.


ТАРИХЫ


Мырзашөлде Достық (Киров атындағы) канал құрлысының жүргізілуіне және мақта шаруашылығын дамытуға байланысты 1939 жылы іргесі қаланды. 1951 жылы кент, 1969 жылы қалаға айналды. Инфақұрылымы Жетісайда мақта тазалау, сыра, нан зауытттары, май өндіру цехтары, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада «Сырдария» университеті, Қожа Ахмет Иасауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің филиалы, педагогикалық колледж, 6 орта мектеп, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, «Жетісай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, аурухана, емхана, орталық кітапхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Ж. арқылы халықар. Ташкент – Сырдария – Бұхара темір жол өтеді. 


ХАЛҚЫ


30 487 адам (2009); 36 494 адам (1999).


Мақтаралдың бөлінуі


Облыста Мақтарал, Сарыағаш аудандары қайта құрылымдаудан өтіп, бөлінуі мүмкін. Жаңа өзгеріске сай, Мырзашөл аумағында - 3, Сарыағаш аумағында 2 аудан пайда болады. Облыс көлеміндегі аудандарды шекаралық бөлу мәселесі бүгін облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, депутаттардың талқысына түсті.


Мақтарал ауданының аумағында 180 елдімекен, 3 кент, 1 қала бар. 1997 жылы 27-сәуірде Ел президентінің Жарлығымен Асықата, Мақтарал, Жетісай аудандары біріктірілген болатын. Қазір бұл аймақта 305 мың тұрғын бар. Сондықтан, ел басқару тиімділігі мен әлеуметтік бағдарламалардың нақты нәтижемен орындалуы - басты  мақсат. Одан қала берсе, халықтың көптігіне байланысты мемлекеттік қызметкерлерге де айтарлықтай ауытпалық түсіп отырғаны анық.

Бейсенбай Төребеков - Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары

Іріленген Мақтарал ауданында 432 мемлекеттік қызметкер бар. 305 мың халыққа шаққанда 1 мемлекеттік қызметкерге 765 адамнан келеді. Бұл енді солтүстік облыстармен салыстырғанда, әрине өте үлкен. Солтүстік облыстарда 1 мемлекеттік қызметкерге 100-ге дейін болған болса, бізде 765 адамнан келеді. 

Ал, іріленген Сарыағашта 326 мың тұрғын, 126 ауыл бар. Келес өңірінің жұртшылығы  Абай ауылының аудан орталығы мәртебесін алуын көптен күтті. Ендігіде бұл мәселе шешімін табатын секілді. Аудандарды қайта бөлуге білім сапасының төмендеп кеткені де әсер еткен секілді. Мақтарал мен Сарыағаш аудандары ҰБТ көрсеткіштері бойынша соңғы үш жылда соңғы орындардан көрініп келген.

Әліпбек  Өсербаев - облыс әкімінің бірінші орынбасары

Мақтарал ауданы, әкімшілік орталығы - Мырзакент кенті. Жетісай ауданы әкімшілік орталығы-Жетісай қаласы. Және Асықата ауданы, әкімшілік орталығы - Асықата кенті. Сарыағаш ауданының орталығы - Сарыағаш қаласы.  Келес ауданының орталығы – Абай ауылы болып бекітілсін.

Бұл мәтіндегі ұсынысты мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады. Сөйтіп, бекіту үшін Республикалық ономастика комитетіне жолдады. Енді жаңадан құрылған аудан әкімдіктерінің шығындарына 14 млрд. теңге қаржы бағытталатын болады. Жаңадан 100-ден аса мемлекеттік қызметкерге жұмыс табылмақ.  

Бейсенбай  Төребеков - Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары

Бұл бір жағынан алғанда, қажеттілік, екінші жағынан, ең бастысы – тиімділік. Басқару тиімділігі, бюджеттің кіріс көздерін ұлғайту тиімділігі. Одан кейін ең бірінші нәтижелі жұмыспен қамту жолға қойылады.

Ономастика комитеті рұқсат бергеннен кейін Елбасының Жарлығымен бұрынғы және жаңадан құрылған үш аудан жұмысын бастауы тиіс. Оған дейін әлі 2 ай көлемінде уақыт бар.

Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
Объявление от Asia.kz:
Array

Салон красоты тараз

 
БІЗДІҢ ДИРЕКТОР ТУРАЛЫ


Набатова Бахыт Шамильқызы


Набатова Бахыт Шамильқызы  

1963 жылы 8 тамызда Ақтөбе қаласында дүниеге кеген


1980 жылы Киров атындағы мемлекеттік университетін аяқтаған соң, еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданына қарасты Абдалиев атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады. 
1996 жылдан бастап №3 Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде география пәнінің мұғалімі, кейін оқу ісінің орынбасары қызметін атқарып, 2001 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап аталмыш мектептің директоры қызметін атқаруда.

ПнВтСрЧтПтСбВс

Flag Counter

Реклама:
Создать сайт бесплатно
 

          

                   

Пожаловаться на сайт