ЖАҢА ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАЛҒАН УАҚЫТ...

                   

Версия сайта для слабовидящихВерсия сайта для слабовидящих
Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!
+7-(702)-427-11-22
osshgagarin3@mail.ru

МЕКТЕПТІҢ ТАРИХЫ

Негізгі мектеп  1954 жылы сәуірде  "Строй  трест"  болып  бірінші  бастауыш сыныптар  мектебі болып  ашылды. Бірінші  басшысы  болып А.В.Пак тағайындалды. 

1958 жылдан бастап 1965 жылға  дейін 7-жылдық  мектеп болды. Мектеп директоры  қызметін Масюченко Алексей Дмитривич   атқарды. 
1961 жылы  7-жылдық "Строй  трест"  мектебін "Ю.Гагарин" деген  атқа ауыстырды. 

1966-1968 жылға  дейін 8-жылдық  мектеп  болып, Тен Волга  Андреевна директор  қызметін атқарды. 
1968 жылдан  1969  жылға  дейін 8-жылдық  орыс  мектебінде Абдукаримов Геннадий  Абдукаримович директор  қызметін  атқарды. 

1969 жылдан  1970  жылға  дейін  8-жылдық орыс  мектебінде Кизилова  Валерия  Дмитриевна  директор  қызметін  атқарды. 
1970 жылдан  1972  жылға  дейін  8-жылдық орыс  мектебінде Гладилова Анастасия  Дмитриевна  директор  қызметін  атқарды.

Тен Ольга
Андреевна
Абдукаримов Геннадий
Абдукаримович
Гладилова Анастасия
Дмитриевна
Воробьев Борис
Иванович
Абдукаримова Валентина
Ганиевна

1991-жылы 8-жылдық орыс мектебі.Аудандық депутаттардың кеңесінің шешімі бойынша 10-жылдық орыс мектебі болып ауысты. 
1997 жылдан 2001 жылға дейін 10 жылдық қазақ орыс мектебінде Абдукаримова Валентина Ганиевна директор қызметін атқарды. 

2001 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мектеп директоры қызметін Набатова Бақыт Шамильевна атқарып келеді.

Мектебімізде 80 мұғалім жұмыс істейді оның 14-і жоғары санатты,22-і I санатты 30-ы II санатты, 14-ы сататсыз. 

Қазіргі таңда 45 класс комплектісі, 4 мектеп алды дайындық тобы,бүгінгі таңда бала саны 810, өзге ұлт өкілдері 11. 
Мектеп жаңа технологиялық техникамен 2 компьютерлік, 1 мультимедиялық, 1 джой -класс, 7 интерактивтік тақтамен қамтылған. 
2013-жылдың 1-қаңтарынан бастап электрондық оқыту жүйесіне ендік. 

Оқушылардың қызығушылық мақсатын оятуда спорттық үйірмелер волейбол, тоғызқұмалақ, баскетбол үйірмелері жұмыс жасайды.

Мектеп жанынан ашылған "Салтанат" би үйірмесіне 1-11 сынып оқушылары қатысады.


Мектеп оқушылары обылыстық аудандық, өңірлік жарыстарға қатысады. Қаламыздағы ұйымдастырылатын сенбіліктерге қатысып отырады. 
Мектебіміздің мөлтек ауданында тұратын ардагерлерге оқушылармен көмек қолын көрсету жолға қойылған. 
1972 жылдан  1997  жылға  дейін  8-жылдық орыс  мектебінде Воробьев  Борис Иванович  Дмитриевна  директор  қызметін  атқарды. 
     1991 жылдан  8-жылдық орыс  мектебін аудандық  депутаттардың  шешімімен  10-жылдық  орыс  мектебі  болды. 
1997-2001 жылға  дейін  10-жылдық  орыс-қазақ  мектебінде Абдукаримова  Валентина  Ганиевна  директор қызметін  атқарды. 
2001 жылдан бастап бүгінгі  дейін мектеп  директоры  қызметін Набатова  Бақыт  Шамілқызы атқарып келеді. 
2001 жылы  қыркүйек айында №3 Ю:Гагарин  атындағы  жалпы  орта  мектебінің  жанынан "Салтанат" бишілер  тобы құрылды. 
2003 жылы обылысымызда  ауыл  жылына  арналған   "Қамажай" атты бишілердің  облыстық  байқауында  жоғары  орындаушылық  шеберлік  көрсете  білгені  үшін  III-дәрежелі  дипломмен  марапатталды.

2004 жылы   облыстық  "Ауыл   тұрғыны – алтын  қазына "  атты  өнер фестивалінде  жоғары  дәрежеде өнері  үшін, осы  жылы Республикалық  "Әнші балапан" байқауында  гран при иеленген  үшін  дипломмен,  Арыс қаласында  өткен  "Қоңыраулы  қошақан"  байқауында бас  жүлдені жеңіп  алғаны  үшін, аймақтық  "Балауса-2004" ән-би  байқауында  бас  жүлдегері дипломымен, Республикалық  "Әнші  балапан-2004" байқауында  Оңтүстік Қазақстан  облысы  атынан  қатысып бишілер ұжымдары  арасында  1- орынды жеңіп  алғаны  үшін  аудан әкімі  О. Нұржанов алғыс  хатпен марапатталған.


2004-2005 оқу  жылында  мектеп  жанынан  салынған  2-қабатты  оқу  ғимараты  пайдалануға  берілді.

2004-2005 оқу  жылында  мектептің  50-жылдық  мерей  тойы  тоиланды. 
2005 жылы "Бозторғай"  балалар  шығармашылығының Халықаралық   өнер  жарысына  қатысқан  дипломы  үшін, осы   жылы Республикалық Әнші  балапан"  ән-би  байқауынан  1-орынды иеленгені  үшін  дипломмен  марапатталды. 
2006 жылы "Салтанат"  бишілер тобының 5-жылдық концерттік  бағдарлама  өткізілді. 
2006-жылы  "Ақ  көгершін"  балалар  шығармашылық  сайысында 1-орынды  иеленгені  үшін дипломмен,  осы  жылы  Шара  Жиенқұлова  атындағы III- Республикалық қазақ  халық  би  байқауына  белсене қатысқаны  үшін алғыс хатпен  марапатталды.


2007 жылы Беларуссия  мемлекеті Климовичи  қаласында  өткен VII-халықаралық "Алтын  ара" балалар  шығармашылық  фестивалінде 1-орынды  иеленгені  үшін  дипломмен  марапатталды. 
2008 жылы  Түркменстан  Республикасына   Ашхабад  қаласында  өткен  "Алтын  ғасырдың  алтын  ұрпақтары" атты өнер  фестиваліне  қатысып  жүлделі  орынға ие болғаны  үшін  марапатталды. 
2008 жылы  Қазақстан  Республикасы  мәдениет  және  ақпарат министірі  Мұхтар Құл-Мұхаммедтің  8-мамырдағы №159 бұйрығымен "Салтанат" би  ансамбіліне "Халықтық  өнерпаздар  ұжымы"  атағы  берілді. 
2008  жылы "Нұр  Отан"  ХДП-ң  мактарал  ауданындағы филиалымен  бірлесіп "Жас  Отан- Жастар  қанаты"  атты  аудандық  семинар  өткізілді. 
2009  жылы 7-сәуірде  обылыстық мәдениет   және  халық  шығармашылығы  орталығының   директоры  Н.Әбілхановтың  алғыс  хатымен  марапатталды.

2009  жылы 7-ақпанда Мақтарал   ауданының  мәдениет  үйінің  мемлекеттік мекемесінің  директоры   Ораз  Шойғараевтың  алғыс  хатымен  марапатталды. 
2010 жылы  Түркменстан  Республикасына  Ашхабат  қаласында  өткен  "Адамзаттың  рухани қазынасы" және  "Аваза- достық  мекені"  атты  фестивальдарға  қатысып дипломмен марапатталды. 
2010  жылы "Ұлы  жеңіске – 65 жыл"  атты  соғыс  ардагерлеріне  арналған мерекелік  іс-шаралар  өткізілді. 
Бақыт Шамильқызы Набатова басқарған ұжымда 70 мұғалім қызмет етуде және 750 оқушы білім  алуда.

Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
Реклама:
 
Объявление от Asia.kz:
Array

Салон красоты тараз

 
БІЗДІҢ ДИРЕКТОР ТУРАЛЫ


Набатова Бахыт Шамильқызы


Набатова Бахыт Шамильқызы  

1963 жылы 8 тамызда Ақтөбе қаласында дүниеге кеген


1980 жылы Киров атындағы мемлекеттік университетін аяқтаған соң, еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданына қарасты Абдалиев атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады. 
1996 жылдан бастап №3 Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде география пәнінің мұғалімі, кейін оқу ісінің орынбасары қызметін атқарып, 2001 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап аталмыш мектептің директоры қызметін атқаруда.

ПнВтСрЧтПтСбВс

Flag Counter

Реклама:
Создать сайт бесплатно
 

          

                   

Пожаловаться на сайт