ЖАҢА ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАЛҒАН УАҚЫТ...
№3 Ю.ГАГАРИН
ЖОМ
osshgagarin3@mail.ru |
Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961).
1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.
1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген. 1955 жылдан Кеңес Армиясы катарында. 1-Чкалов әскери- авиац. ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етгі.
1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды. 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды. 1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышка ұшты.
Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді ұйретіп - жаттықтыру ісіне тікелей арала- сып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды.
1968 ж. Әскери-өуе инженерлік академиясын бітірді.
1964 — 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып қайтты. 1966 жылдан Астронавтика халықаралық академиясының құрметті мұшесі.
Ленин орденімен, медальдермен жөне көптеген шет ел ордендерімен марапатталған. Гагаринге Чехословакияның Социалистік Еңбек Ері, Болгарияның Батыры, Венгрияның Еңбек Ері атақгары берілді.
Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында).
Монинодағы (Мәскеу обл.) Әскери-өуе академиясына, Айдың арғы бетіндегі кратердің біріне Гагарин есімі берілген.
1968 ж. Халықаралық авиациялық федерациясы Ю.А. Гагарин атындағы алтын медаль тағайындады. Ресейдегі ғарышкерлерді даярлау орта лығы Гагарин атындағы Ресей ҒА- ның ғылыми-зерттеу кемесі, дұние жұзінің көптеген оку орындары, калалар, көшелер мен алаңдар Гагаин есімімен аталады.Мәйітінің кұлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль кабырғасына қойылған.
Конструктор сайтов Asia.kz |
Набатова Бахыт Шамильқызы
1963 жылы 8 тамызда Ақтөбе қаласында дүниеге кеген
1980 жылы Киров атындағы мемлекеттік университетін аяқтаған соң, еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданына қарасты Абдалиев атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады.
1996 жылдан бастап №3 Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде география пәнінің мұғалімі, кейін оқу ісінің орынбасары қызметін атқарып, 2001 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап аталмыш мектептің директоры қызметін атқаруда.
‹ | › | |||||
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
Конструктор сайтов Asia.kz |